Отырар ауданында балалардың жазғы демалысы көңілді өтуде. Олардың жазғы сауықтыру демалысының қызықты, әрі көңілді өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде Отырар ауданының оқушылары Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда.
Жалпы аталған жазғы демалыс орнында биыл Отырар ауданынан 900 бала демалып қайтпақ. Жанға рақат сыйлаған лагерде сурет салудан байқау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таңғы жаттығу, флешмоб ұйымдастырылып, балалардың көңілін сергіту жұмыстары атқарылып келеді.
Көңілге шуақ төккен көрікті мекенде әр күні қызықты, мазмұнды болып өткен демалысқа ата-аналар да, жазғы демалысын өткізген балаларда дән риза. Мұнда балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында спорттың шахмат, дойбы, арқан тарту, ләңгі, асық ату ойындарынан сайыстар өткізіліп келеді. Жас жеткіншектер мұнда өз өнерлерін паш етіп, патриоттық әндерді шырқады.
Балалар лагерінде ойын алаңдары, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру орталығы, жазғы бассейн тегін қызмет көрсетеді. Демалушы балалар ыстық тамақпен, жатын орындармен қамтамасыз етілген.