Төлеби ауданында «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» күрделі жөндеуден өткізілуде

Төлеби ауданында «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі күрделі жөндеуден өткізілуде. Оның құрылыс жұмысымен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы арнайы барып танысты. 

- Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылды. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыруда үкімет пен қоғам күш біріктіріп жұмыс істесін деп тапсырма берді. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыс істеп, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының мүмкіндігін, тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында жұмыс істеудеміз, деді басқарма басшысы.

 Басқарма басшысы ондағы мекеменің жатын бөлмесімен қатар монша ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұдан бөлек, 5 отбасына арналған ғимарат, сонымен қатар 5 асхана бөлмесі, 5 әжетхана және жуынатын бөлмелер, 5 қойма, 5 зал, 4 дәліз, қыздар және ұлдарға арналған 13 жатын бөлмесі, 2 медпункт бөлмесі, педагог-психолог кабинеті, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар кабинет, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар кабинеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің монша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың 15 маусым күні басталған, оны 1 қазан күні аяқтау жоспарланған. Монша ғимаратында ұлдар және қыздарға арналған жуынатын жеке бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмесі, бу бөлмесі, әжетхана бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал ұйықтайтын ғимарат осы жылдың 15 маусым күнінен басталып, осы жылдың 15-20 тамыз күндері аралығында аяқтау көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер