Ордабасы ауданында жырға құштар жасөскінге құрмет көрсетілді

Ордабасы ауданында өнерге құштар жастар көп. Соның бірі - «Бала шақтан болашаққа-ана тілімен» атты облыстық байқауда топ жарған Сейтқазы Дінмұхаммед. Оны Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қабылдап, жарқын жеңісімен құттықтап, арнайы Алғыс хат пен сый-құрмет керсетті.

Screenshot_50.jpg

- Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президентіміз «өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін олардың өз тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын біліп өсуі маңызды» деген болатын. Біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл бағытта Президент мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін дәрістер ұйымдастыруды тапсырды. Оған медиасауат, құқық, қаржы сауаты тақырыптарын енгізу – жаһанданған заманның талабына айналып отыр.  Осы ретте айтқым келгені, жас бүлдіршіннің поэзияға құмарлығы көңіл қуантады. Өскелең ұрпақтың рухани бай болуына еңбек еткен ата-анасына, тарбиешілеріне алғыс айтамын. «Боламын деген баланың бетінен қақпа, белінен бу», демекші ақжолтай хабарды ести сала, арнайы шақырып құттықтауды жөн санадық. Өнерпаз ұлдың болашағы жарқын болсын!», - деді аудан әкімі. 

Айта кетерлігі, Дінмұхаммед Түркістан облысы бойынша мектепке дейінгі мекемелердің арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жас бүлдіршіндерді ынталандыру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен байқауға белсене қатысып, көп дарынның арасынан өз талантымен суырылып шығып, 2 орын еленген. 

Өнерпаз жас аталған байқауда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сәби ана» өлеңін жатқа мәнерлеп оқыған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер