Түлкібас ауданында А.Оразбаева орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілуде

Түлкібас ауданындағы Ынтымақ елді мекенінде орналасқан А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.

Screenshot_83.jpg

Оның құрылыс жұмысы барысын Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Кадырбек және әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С.Қыпшақбаев, Ш.Жанабердиев тексеріп қайтты. 

Аталған мектептің директоры Т.Кемелбек мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысын үнемі бақылап, қадағалап отырғанын айтты. Мектептің құрылыс жұмысы мамыр айында басталған. Аяқтау мерзімі 25 тамызға белгіленген.                       

- Бүгінгі таңда аалған білім беру ұйымында 305 оқушы білім алады. Білім беру ұйымының шатыры ауыстырылып, жылу, электр,  өртке қарсы дабылқаққыш жүйесі, есік-терезе, едені толығымен ауыстырылды және ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Ғимаратты  жаңа оқу жылына дайындау бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде, - дейді мектеп директоры Т.Кемелбек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер