Мақтаарал оқушылары жазғы демалыстарын көңілді өткізуде

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі балалардың жазғы сауықтыру демалысын жақсы өткізуіне барлық жағдайды жасап отыр. Осы орталық мамандарының айтуынша, онда түрлі іс-шаралар күнсайы ұйымдастырылып келеді екен. 

Screenshot_82.jpg

- Бесінші маусым демалушылары арасында қыздар арасында «Жаз аруы – 2023» байқауы ұйымдастырылды. Қыз бала тәрбиесіне ұлтымыз «Қыз қонақ», «Қызға қырық үйден тыйым» деп ерекше көңіл бөлген. Қазақ қыз балаларының бойына ұлттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Жаз аруы – 2023» байқауы өткізіліп, оған он қыз бала қатысып, өнер сайысына түсті. Барлығы да өнерлі. Ән айтып, би билпе, сұрақтарға жауап беріп, ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсетті. Барлығы да арнайы жүлделермен марапатталды, - дейді орталық өкілі. 

Сондай-ақ лагерде келесі күні ұл балалар арасында оларды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Джентельмен шоу» сайысы өткізілді. Онда да ұл балалар сұрақтарға жауап беріп, жігіттерге тәне өнер көрсетті. Бірі асқақтата ән салса, келесісі қамшы өріп ұлттық қол өнерден құралақан еместігін көрсетті. Сақыналық қойылым қойып, көрерменінің алғысына бөленген өнерлі балалар да көрермен қошеметіне бөленді. Асық атып, мергендігімен көзге түскендері де бар.

Ал лагердегі келесі күні оқушылар арасында олардың өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, ептіліктерін байқау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Екі жұлдыз» байқауы өткізіліп, өнерлі жастар онда да өз өнерлерімен көптің жүрегін жаулап алған еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер