Мақтаарал ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 мектеп салынуда

Мақтарал ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың айтуынша, биыл аудан көлемінде білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда екен.

Screenshot_1.jpg

Бала санының артуына байланысты пилоттық жобалар аясында аудандарда білім ошақтары бой көтеруде. Осы тұста Мақтаарал ауданында 200 балаға арналған 4 мектептің құрылысы басталып кетсе, бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен тағы 5 мектеп салынуда екен.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздегі үш ауысымды мектеп тапшылығын жоюды тапсырған еді. Президентіміз «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 5 салынуда. Президент Жолдауында бұл білім нысандарын жемқорлыққа жол берген, олардың заңсыз тапқан қаржысы есебінен салуды ұсынған. Яғни, Мемлекет басшысы «Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» деп қаржы көзін де анықтап берген еді Жолдауда, - дейдіауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков. 

Ол аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралап, ондағы мердігер мекемелер тарапынан кетіп жатқан кемшіліктерді басшыларына ескетті. Жалпы бұл мектептерде пәндік кабинеттер оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен толықтай жабдықталады деп күтілуде. Сондай-ақ онда оқушылардың сапалы білімге қанық болып өсуі мен  жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақшы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер