Түркістан облысында жыл соңына дейін 20 мектеп ашылады

Түркістан облысында слңғы үш жылда жүзге тарта білім нысаны салынған. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атшарушы Ардақ Садықованың айтуынша облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, өңірдегі білім саласына баса көңіл бөлінген екен.

Screenshot_4.jpg

Облыста 5 жылда жаңа 86 мектеп салыныпты. Бір ана өткен жылы 34 мектептің құрылысы аяқталған, бірақ сонда да әлі 35 мың оқушы орынына тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында қазір 33 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде, «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы биыл 9 мектептің құрылысы жүруде. 

- Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 6 мемлекеттік 7 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жыл соңына дейін 20-дан астам жекеменшік білім ошағы ашылмақ. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынады. Облыста білім беру саласында 2511 ұйым қызмет көрсетеді. 1 372 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98 пайызды құрайды. Облыста жалпы 1000 мектепте 515 мың оқушы білім алуда, - дейді ол. 

Жалпы өңірдегі 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылуда. Арнайы күзет қызметімен қамтылады. Сондай-ақ Түркістан облысында 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер