Түркістан қаласында оқушылар арасында суретшілер байқауы өтті

Түркістан қаласында республикалық бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «ДАРАБОЗ» өнер байқауының жылдық қорытындысы бойынша «Суперфинал -2023» байқауы өтті.  «Атадан-мұра» қоры ұйымдастырған байқаудың Суперфиналына ең үздік деген өнер иелері қатысты.

Screenshot_9.jpg

Ол байқаудың мақсаты – жасөспірімдердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру. Қылқаламмен сурет салған, қолданбалы өнерден болашағын көретін және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жас жеткіншектердің талабын оятып, таланттыларға дем беру.  

Бейнелеу өнері – адам қиялының шексіздігін көрсететін өнер түрі. Қылқаламмен қағаз бетіне түскен сурет адамға түрлі ой салады. Өнер саласы болғандықтан суреттерді ұқсастығы мен ерекшеліне байланысты бірнеше бағыттарға жіктейді. Соған қарамастан олардың нақты шекарасы жоқ.   

Бір бағыттан екіншісіне ырғақты түрде өте береді. Бір туынды бірнеше стильдің қосылуынан туындайды. Бұның бәрі автордың шеберлігінен хабар береді. Аталған байқауға Арыс қаласының білім бөліміне  қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы  Қожамқұл Шұғыла қатысып, өз өнерімен халықты тәнті етіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Жеңімпаздың жетекшісі керемет суретші, облыстық байқаулардың жеңімпазы Есімов Мерей.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер