Төлеби ауданында кәсіпкер 100 оқушыға сөмке сыйлады

Төлеби ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл акция аясында Төлеби ауданының білім бөлімінде шынайы мейірімділіктің, қамқорлықтың лебі сезілген керемет іс-шара ұйымдастырылған еді. 

Screenshot_8.jpg

Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев және аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, кәсіпкерлерді акцияға қатысып, азаматтық танытуға шақырды. 

Жоғарыда есімдері аталған азаматтар мен басқа да бірқатар кәсіпкерлер іс-шара барысында әлеуметтік осал топтан шыққан оқушыларға оқу-құрал жабдықтарын сыйлады. Ал осы санаттағы 100 төлебилік оқушыға белгілі кәсіпкер, меценат, Төлеби ауданының Құрметті азаматы Бегалы Рыспаев  қажетті оқу құралдары салынған оқушы сөмкелері таратты. Бір айта кетерлігі, жаны жайсаң, жүрегі кең, жомарт жан Бегалы Шералыұлы былтыр да аталмыш акция аясында төлебилік оқушыларды мектепке дайындауда көмек көрсеткен болатын.

Жомарттық танытқан кәсіпкерге аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Адамбекұлы оқушылар мен ата-аналар атынан алғысын білдірді.  

Сондай-ақ «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіліп жатқан биылғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Төлеби ауданында тағы бір игі іс атқарылды. Аудандық білім бөлімінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төлеби аудандық комитеті тарапынан әлеуметтік статусқа ие 50 балаға оқушы сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Білім бөліміне жиналған әлеуметтік педагогтар мен балалардың алдында сөз сөйлеген аталмыш кәсіподақтың аудандық ұйымының төрағасы Ғалымжан Мырзалиев «Мектепке жол» акциясының маңыздылығына тоқталып, оқушыларды мектептегі сабақтардан қалмай, терең білім алуға, жақсы оқуға, ата-ананың үмітін ақтауға, ұстаздардың сенімінен шығуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер