Түркістан облысында Тамыз кеңесі жаңа форматта өтеді

Түркістан облысында бүгінгі таңда барлық білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын.  Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атшарушы Ардақ Садықованың айтуынша, облыста 1000 мектеп бар, оның 907-і мемлекеттік, 93-і жекеменшік мектеп. 157 мектеп қалада орналасса, 843 мектеп ауыл аумағында орналасқан. Оқушы саны - 514 901 бала. 

Screenshot_7.jpg

- Бүгінде «Қазақстан Халқы қоры» облысымыздың 6 ауданында 6 тірек мектебіне заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қолға алды. Сондай-ақ, «Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасында облыстағы мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын физика, химия, биология, STEAM - пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сай 8 апатты мектептерді жою, 9 үш аусымды мектептерді және демографиялық өсімді ескере отырып оқушы орнының тапшылығын жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. 2023 жылы 33 мектептің құрылысын жүргізуге 22,6 миллиард теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылға 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, биыл 21 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралды. Күрделі жөндеу жұмыстарының ішінде 4 мектептің жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілген. Ал 12 мектептің құрылыс жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, 5 мектептің қаржысы 2024 жылға өтпелі. Бұдан басқа, облыс көлемінде 121 білім беру мекемелері күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді», - дейді Ардақ Мәдіханқызы. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2023 жылы облыстағы 108 мектепті жаңғырту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, күрделі жөндеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпаз анықталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Одан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, өңірдегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беретін және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен қолдау қызметін көрсететін 31 арнайы білім беру ұйымдары қызмет етеді. Соңғы үш жыл көлемінде облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының желісі 6-ға артты. 2023 жылы 4 инклюзивті білім берудің ресурстық орталығын «Дара қорының» демеушілігімен ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ ол жаңа форматта өтетін «Тамыз» кеңесі биыл 24-25  тамыз аралығында өтетіндігіне тоқталды. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт». Дәл осы тақыпты еліміздің бар аймағында бір күнде, бір уақытта ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған. Түркістан облысында «Тамыз кеңесінің» негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында болады, - деді Ардақ Садықова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер