Келес ауданында «Жайдарлы жаз» іс-шарасы өтті

Келес ауданында «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жайдарлы жаз»  тақырыбындағы  іс-шара өтті. Бастамаға ұйытқы болған Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» мен орталықтың Келес аудандық бөлімі.

Screenshot_11.jpg

Бастаманың негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылардың отанға деген патриоттық сезімдерін оята отырып, ат спортын дамыту.  Сондай-ақ, суда жүзудің техникасын оқушыларға меңгерту. Оқушылардың «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларға қызықтыру, қызығушылығы арттыру. 

Жүзге жуық адам қатысқан іс-шараның ашылу салтанатында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сауле Өмірсерікқызы және Келес аудандық бөлімінің басшысы Г.Мырзанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, ат әбзелдері, көкпаршының формасы мен қамшы өру бойынша көрме ұсынылды. 

Қатысушылар Келес өзені маңындағы ипподромда атпен де, қайықпен де серуендеп, туған жердің тұмса табиғатын тамашалады. «Зообаққа» арнайы экскурсия ұйымдастырылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер