Әдістемелік кеңес - жаңа оқу жылының бастауы

image.png

Арыс қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің  жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамадағы міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді, перспективаларды талқылау және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында кезекті әдістемелік кеңесі өтілді. Кеңес №8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. 

Әдістемелік кеңеске білім беру ұйымдарының басшылары, оқу-әдістеме жұмыстарына жауапты мамандары мен кеңес мүшелері қатысты. 

Шараны білім бөлімінің басшысы Ә.Момбеков ашып беріп, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 

Кеңестің бірінші ресми бөлімінде төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, талқыланды. Олар:

- 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері мен міндеттері туралы;

- Ұлттық білім беру деректер қоры  туралы; 

-  «Үздік педагог» байқауы,  «Үздік мектеп» рейтинг қорытындысы және Педагогтерді марапаттауға ұсыну туралы нұсқаулық; 

-  «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылған іс-шаралар мен алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы.         

- Күнтізбелік - тақырыптық жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау.

- Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік.

Кеңестің екінші тәжірибелік бөлімінде №8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің қолға алған жобаларына таныстырылым жасалды. Ал қорытынды бөлімінде кеңестің шешімі шығарылып, кеңеске қатысушылардан бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік оқу-әдістемелік жұмыс-2023» номинациясымен №4 бастауыш мектебі; М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы; В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; А.Тілеубердин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер