Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды

image.png

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының төрағалығымен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталған кеңейтілген аппарат жиыны өтті. 

 Жиналысқа басқарманың жауапты мамандары мен қала/аудандағы білім бөлімінің басшылары, және де колледж директорлары қатысты.  

 Күн тәртібінде “1 қыркүйек- Білім күні” салтанатты жиынға дайындық жұмыстарына Бейсенбай Дәулетұлы арнайы тапсырма берді. Орта білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы сұралды. Әр ауданнан  білім мекемелерінің дайындық жұмыстары пысықталды.

 Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін орта білім мекемелерінде асханалар жайында сөз қозғалды. Асханасы жоқ 110 мектептің мәселесін шешудің көздері қайта қаралды.  Олар тасымал түрінде, жақын маңда орналасқа мектеп асханаларын іске асыру мен модульдік асхана арқылы шешімін табады.

 Қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Турникеттер мен арнайы күзет және дабыл батырмалары, бейнебақылау камералары және қоршаулар бойынша тиісті бақылау жұмыстарын жүргізіп, қатаң назарға алу керек дейді облыс әкімінің орынбасары. 

 Ал, колледж басшыларына техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне мемлекеттік тапсырыс орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар легінің есебін берді.

 Жиын барысында айтылған тапсырмаларды  жауапты басшыларға назарға алып, толықтай бақылауға ұстау керектігі айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер