ХХІ ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры екендігін жақсы білеміз. Бұл ғасырда сапалы білім алып, ғылымның тереңіне үңілген білікті мамандар жаһандану заманында бәсекеге төтеп бере алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, жаңа оқу жылы да басталғалы тұр. Жаңа оқу жылын түркістандық оқушылар үлкен жетістікпен бастады. Нақтырақ айтар болсақ Түркістан облысы республикалық “Ұлттық мектеп лигасында” жалпы командалық есепте үшінші жыл қатарынан топ бастап тұр. Өскемен қаласында Тамыз кеңесі аясында республикалық Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаз облыс, қалаларды марапаттау салтанаты өтті.
Атап айтар болсақ:
9-11 сыныптар арасында
1 орын – Түркістан облысы;
2 орын – Шымкент қаласы;
3 орын – Ақтөбе облысы;
7-8 сыныптар арасында
1 орын –Павлодар облысы;
2 орын – Түркістан облысы;
3 орын – Шымкент қаласы;
5-6 сыныптар арасында
1 орын – Түркістан облысы;
2 орын – Павлодар облысы;
3 орын – Жамбыл облысы;
Бүгін, білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Арап Қайрат мен облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының спорт бөлімінің меңгерушісі Оразбай Оспанов басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Мәдіханқызына кубоктарды табыстады. Оқушыларымыз спорт сайысында да белсенділік танытып, облыстың намысын қорғады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетейік, “Ұлттық мектеп лигасы” республикалық деңгейде өтетін, командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, үздіктерді анықтайтын дода.