Түркістан шаһарында биыл 4615 оқушы 1-сыныпқа қадам басты

image.png

Міне, жайдары жаз маусымын алмастырған алтын күздің алғашқы күні өңіріміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды.  Сала басшыларының  мәліметіне сәйкес  биыл 65 мектепте алғаш рет қоңырау соғылып, білім ұялары жаңарып жатыр. Облыс орталығы жыл сайын гүлденіп, өркендеп, өсіп келеді.  Өңірде жалпы мыңнан астам мектепте (оның: 907-мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) 514 мыңнан астам оқушы білім алады.

Ал, облыстағы 52 колледжде (оның: 29-мемлекеттік, 23-жекеменшік) 40 мыңнан астам студент оқиды.

Облыс халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы біздің облыста. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш.

Ал Түркістан шаһарында  биыл 4615 оқушы 1-сыныпқа қадам басса, 11 сыныпты  2631 түлек тәмамдады.  Әр оқушының өмірінде маңызды орын алатын алғашқы қоңырау рәсімін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков №21 Пошанов атындағы жалпы орта мектебі оқушыларымен бірге өткізді. «Алғашқы қоңырау» мерекесі әр оқушымыздың өмірінде маңызды орын алады. Баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамына құт-береке тілеймін" деді, шаһар басшысы.

Жиын барысы оқушылардың Алғашқы қоңырау мерекесіне арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Салтанатты рәсімде бірқатар қонақтар құттықтау сөз айтып, балғындардың алғашқы қадамына сәттілік тіледі.

 Ақпарат үшін айта кету керек, биыл бірінші сыныпқа  баратын оқушылардың ең көп саны - Алматы қаласында тіркелген.  Түркістан және Алматы облыстары да көш бастап тұр. Жаңа оқу жылында 11-сыныпта  оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетіп, 188 900 оқушы болып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер