Спорт мектебінде алғашқы қоңырау сыңғырлады

image.png

Қазіргі таңда Түркістан облысында оқушылардың жан-жақты, сапалы білім алулары үшін барлық жағдай жасалуда. Яғни шәкірттер сабақпен қоса түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге, қосымша үйірмелерге қатысуға, сондай-ақ спортпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар.  Өңірде осындай жайлы мектептер көп-ақ. Солардың бірі Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы мамандандырылғын балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп-интернат-колледжі. 

Бүгін  аталмыш білім ордасында 1 қыркүйек - білім күніне арналған алғашқы қоңырау үні соғылды. Іс-шараға аталған білім ордасының ұстаздары мен бапкерлері және ата-аналары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

 Білім мен спортты бір арнаға тоғыстырған шәкірттер 1 қыркүйек – білім күніне орай Ер Бекзаттың ескерткішінің алдында сап түзеп, мерекені атап өтті. Жылдағы дәстүр бойынша білім ордасына түскен спортшылар алдымен ант қабылдап, Бекзат ағаларындай  олимпиада чемпионы болу үшін жан-жақты шыңдалатын болады. Жиынға қатысқан аталмыш білім ұясының басшысы Шадияр Қондыбаев пен облыстық №6 спорт мектебінің директоры Бауыржан Бөріқұлов оқушыларды білім күнімен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін айтты.

«Биылғы біздің алға қойып отырған мақсатымыз оқушыларымыздың спорттық дәрежедегі сапасын көтеру. Шәкірттеріміз биыл облыстық, республикалық және әлемдік додаларда топ жарады деген үміттеміз»,- дейді мекеме  басшысы.

 Бүгінде аталған білім ұясында жалпы 320 бала дәріс алса, биылғы оқу жылына 109 спортшы жастар қабылданды. Білім ошағында шәкірттер күніне екі мезгіл жаттығу жасаса, 5 мезгіл тамақтанады. Сонымен қатар, спорт мектеп-интернат-коллежінде өткен оқу жылынды Азия чемпионаттарында 3 шәкірті жүлдегер атанса, 9 спортшысы Қазақстан чемпионаттырының жеңімпазы және 7 спортшысы жүлдегер атанды. Биылғы жаңа оқу жылына да қойып отырған талаптары жоғары. Алдағы өтетін ірі жарыстарда шәкірттернің топ жару үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер