Ордабасыда жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты

image.png

Білім күнінде Түркістан облысы тағы бір жаңа білім ошағымен толықты. Жаңа мектеп  Ордабасы ауданы Бадам ауылында ашылды. С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына облыс әкім аппаратының басшысы Еркеғали Амантайұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Талғатұлы, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, мектеп ұстаздары мен шәкірттеріне өз ыстық лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.

1 -сынып бүлдіршіндерінің әсем әні, құттықтау тілектері тыңдалды. Салтанатты жиын қонақтары, еңбек ардагерлері, 11 сынып оқушылары мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сыныптарға Әліппе кітабын табыстады. Келген қонақтармен жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімі өткізіліп, мектеп ішін аралап, пән кабинеттерімен танысып, ашық тәрбие сағаттарына қатысты. 

Мектепте химия, физика, еңбек және информатика кабинеттері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен және интерактивті тақтамен жабдықталған. Тігін үйірмесіне толықтай жабдықталған бөлме,кең спорт залы, асхана және медициналық бөлмесі бар. Әрбір бөлме арнайы құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл қаққыш, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары, жеделсаты да орнатылған. Күні ертең осы білім ордасынан ғылым мен білімді меңгеретін еліміздің талай таланттары шығатынына сенім білдіреміз.

Сондай-ақ бұл күні  Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясына қосымша екі қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Жаңа қосымша мектептің салтанатты ашылу рәсімі мен алғашқы қоңырауына Арыс қаласының әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, қалалық білім бөлімі басшысысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, «Аманат» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Ділдәбеков Бақытғали Сарсенбекұлы және «Қамқоршылық» кеңес төрайымы Мырзабаева Дариға Қажмаханқызы сөз сөйлеп, мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды 1 қыркүйек – Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен, жаңа қосымша ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтады.

Игі шарада Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді. 

Білім алушылар 200 орындық жаңа мектебіне өнерін арнады. Биыл қаламызға қарасты 37 мектепте 20 мыңнан астам оқушы тәрбиеленсе, оның 1526 оқушы мектепке алғаш қадам басты. Қолдарына «Әліппесін» қыса ұстаған олар «Мектеп» атты кеменің жолаушылары атанды. Шара барысында жиынның сәнін кіргізіп, бірінші және он бірінші сынып оқушылары күміс қоңырауды сыңғырлатты. 

Көпшілік талапқа сай безендіріліп, жабдықталған жаңа мектепті аралап көріп, өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барша жағдай жасалғанына көз жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер