«Мектеп - мейірім мекені»

image.png

Қазақтың бас ұстазы, ұлт ағартушысы Ы.Алтынсарин "Кел, балалар, оқылық!" деп айтқандай, облыс аумағындағы аудан/қалаллық білім беру ұйымдарында білім күні аталып өтті. Айтулы күнде Мақтаарал ауданында оқушылар мектеппен қауышты. "Мектебім - мейірім мекені" атты мерекелік іс-шараға ата-аналар, мектеп оқушылары, қонақтар мен мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушылары қатысты. 

Мерекелік іс-шара Мемлекеттік Гимнді орындауымен басталды. Іс-шарада алғы сөзді Мақтаарал ауданы әкімі Асанов Бақыт Насырлаханұлы және білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев  өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп құттықтау сөздерін сөйледі. 

Аталған шара аясында ауданымыз көлемінде 1 қыркүйек - «Білім күніне» мектепішілік салтанатты жиын, сондай-ақ сынып сағаттарын өткізіліп, Сынып сағаттары аясында оқушыларға білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы ашық сабақтар өткізіліп, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылықтары түсіндірілді.

Айтулы күнде Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы М.Әуезов жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары да ерекше атап өтті.  Салтанатты жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Барша адамзатқа ортақ бұл күн, білім мен парасаттың, ақыл мен ізгіліктің бастау алатын сәті десек те болады. Бұл сәт тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің болашағын өсіп-өркендететін күннің бастамасы. Бүгін міне, бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау үнін естіп, үлкен өмір табалдырығынан аттағалы тұрса, ауданымыздағы 805 талапкер мектеп бітіріп, оның 305 талапкер грантқа түскен. 55 оқушы алтын белгі иегері атанып, 66 оқушы үздік атанды. 

2023-2024 оқу жылында аудандағы 40 жалпы білім беру ұйымдары болса, оның 28-і типтік, 12-сі ыңғайластырылған жайда орналасқан. Соның ішінде 10-ы бастауыш, ал, 6-ы негізгі және 24-і жалпы орта мектептерінде 12471 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 1060 бала қабылданып, мектеп табалдырығын аттады. 

Жиында мектеп өнерпаздары ән шырқап, би биледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Балғын балалықпен қош айтысып, мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында білім туралы тақпақтарын айтты. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер