Кентау қаласында заманауи үлгідегі жекеменшік мектеп ел игілігіне берілді. Білім ордасы 250 балаға арналған. Бұл мектепте балалар тыңғылықты біліп алуға барлық жағдай жасалған. Барлық кабинеттер заманауи оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталыпты.
Аталған мектеп 10 және 11 сынып оқушыларына арналған. Яғни болашақ студенттерді Ұлттық біріңғай тестке дайындайды. Бүгінде дайындық мектебінде 220 оқушы құжат тапсырып үлгерген. Солардың бірі Таңнұр Байжанова. Ол болашақта математика пәнінен мұғалім болуды қалайды. «Маған мектептің қойып отырған талаптары ұнады. Таңаретең сабақ өтеміз, түскен кейін қосымша дайындыққа қатысамыз»,- дейді оқушы.
Мектепке әр оқушының таңдаған бағытына қарай пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сондай-ақ балаға түске дейін белгіленген кесте бойынша сабақ оқытылса, түскен кейін мамандыққа бейімделген білім жүйесі бойынша дәріс жүргізіледі. Мамандардың айтуынша бір балаға оқу құны 36 мың теңге.
«Бірінші қыркүйектен бастап профильді білім беру жүйесіне өтеміз. Яғни барлық оқушы өз таңдаған пәні бойынша профильді сабақтарға қатысатын болады. Мысалы оқушының таңдаған пәні ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы пәні болатын болса аптасына 10 рет ағылшын тілі 10 рет дүние жүзі тарихы сабағы жүргізілетін болады. Мектебіміздің бір ерекшелігі мұғалімдердің барлығына әсіресе, жастарға барлық мүмкіндікті жасаймыз, барынша қолдаймыз. Ал шәкірттеріміздің барлығын жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасаймыз»,- дейді мектеп директоры Шахрух Шырайұлы.
Мектеп оқу бөлмелерімен қатар компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана және кітапханамен қамтамасыз етілген.
Дәл осы бағытты ұстанған тағы бір мектеп Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ашылды. Су жаңа білім ордасында 500 бала білім алады деп күтілуде. Оқушылардың қуанышын бөлісуге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арнайы келді.
500 балаға лайықталған білім ордасы қазірдің өзінде 400 баланы қабылдап үлгерен. Мұнда балалар жәйдан-жай қабылданбайды екен. Яғни тест тапсыру арқылы қабылданған.
«Өскелең ұрпақтың маман болып қалыптасуына бірден-бір септігін тигізетін ол мектеп білімі. Ұстаздар қауымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтаймын. Әрқашанда тек білімнің биігінен көрініп, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер»,- деді қала әкімі өз құттықтауында.
Білім ордасы ашыла сала жас мамандарды жұмысқа шақырған. Оқуын енді бітірген педагогтарға қашанда қолдау керек екендігі белгілі. Мысалы Аида Жүсіп сондай жас маманның бірі. «Enbek.kz сайтынан конкурсты байқап қалып, осында келдім. Жұмысқа қабылдандым. Менің мақсатым балаларға туған тілімізді үйретіп, кітап оқуға деген құштарлықтарын арттырғым келеді»,- дейді мұғалім.
Мектеп ұлттық біріңғай тестке дайындықтың өзіндік жүйесін әзірлеп жатыр. Бірнеше пән мен оқушының таңдаған бағыты бойынша білім береді екен.
«Біз түске дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша оқытамыз.Түсте балаларға тегін тамақ беріледі. Одан кейін таңдаған пәндері бойынша тереңдетіп оқытамыз»,- дейді мектеп директоры Дастан Абдалиев.
Енді кәсіпкерлер дәл осы жерден тағы бала-бақша және лагерь құрылысын жүргізіп жатыр. Келешекте бұл мекемелер де балалардың дамуына өз үлесін қоспақ.