Сайрамда 2 мектептің құрылысы жүргізілуде

image.png

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс болып өтті. Күн тәртібіне жаңа оқу жылына дайындық барысы мен “ Сайрам Тазалық” ЖШС-нің өзекті мәселелері шығарылды. Жиында жаңа оқу жылына дайындық туралы Гүлнар Тынымбаева баяндады. Белгілі болғандай ауданда биылғы оқу жылында 201 білім беру мекемелері жұмыс атқарады. Оның 74 мемлекеттік, ал 22 жекеменшік мектептер болса, 11 мемлекеттік және 90 жекеменшік балабақша екен. Сондай-ақ 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істемек.  Биыл ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бірі №62 Анартаев атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылыс жұмыстары. Аталған нысан қүрылысы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Білім ордасы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Айнабұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 3 қабат қалануда. Іске қосу мерзімі 2024 жылға өтпелі, дейді сала мамандары.  Жиында аудан әкімі Арман Сәбитов білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Мектеп маңында арнайы макет, жол аяқ және бағдаршамның жұмыс істеуін атап өтті. Мұнан соң, мектептердің жылыту маусымына дайындығын жіті бақылауында ұстайтындығын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер