Әкім білім саласының қызметкерлерімен кездесті

image.png

Бүгін Сайрам ауданының  әкімі Арман Сәбитов білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Аталған жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Зиятаев, білім бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева және аудан мектептерінің директорлары қатысты. Онда балалардың қауіпсіздігі, тәрбие жұмысы, білім сапасы және мектеп психологтарының жұмысы айтылды. Білім саласына қатысты қамтылмаған мәселелер қалмады.

Алғашқы болып Гулнар Тынымбаева атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауданда жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 5924 оқушы (2022 жылы – 6231 оқушы) барады. Ал жалпы 2023-2024 оқу жылында 64371 оқушы білім алады деп жоспарлануда, былтырғымен салыстырғанда 965 оқушыға артып отыр. 

Ауданда барлық мектептерде жалпы 7962 мұғалімдер жұмыс атқарады. Бұл ретте Арман Сәбитов аудандағы білім беру мекемелері алдағы уақытта облыстағы үздік үштіктен көрінетіндігіне сенім білдірді. Оған білікті ұстаздарымыздың потенциалы жететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, мұғалімдердің бір-біріне деген жылы қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбиемен сапалы білім алуына септігін тигізетіндігін айтты. 

Жиынға қатысқан мектеп директорлары жаңа оқу жылында ата-аналарды біріктіріп, оқушылардың қауіпсіздігі – бұл ортақ жауапкершілік екенін және форс-мажорларды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. 

Жиын соңында аудан әкімі Арман Сәбитов жоғары көрсеткіштерге жеткен мектеп директорларын «30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесі қарсаңында марапаттады. Арман Сәбитов білім беру саласының қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жалпы балалардың дұрыс өсуіне, білім алуына, қамқорлықта болуына, жақсы демалуына, бос уақытын көңілді өткізуіне, қауіпсіздігіне мемлекет тарапынан көптеген істер жасалып жатыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер