Жаңа оқу жылына жаңа 6 мектеп пайдалануға берілді

image.png

1 қыркүйек Білім күніне орай Сайрам ауданы  Қайнарбұлақ ауылдық округінде аудандағы алғашқы «GREEN SCHOOL» инновациялық жайлы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Арман Сәбитов қатысып, жаңа білім ордасының лентасын қиды. Заманауи білім нысаны STEAM жүйесі арқылы оқытылады. Бұл  дегеніміз - қоғамға қызмет ету арқылы қоршаған ортаны аялайтын  көшбасшылар, жас ғалымдар мен талдау тағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін әдіс. 

Аталған оқу орнында аудан оқушыларынан бөлек еліміздің түпкір-түпкірінен және көршілес Өзбекстан елінен оқушылар келіп білім алуда. Бүгінде 600 орындық мектепте 300 оқушы бар, ал жалпы 37 педагог жұмыс істейді. 

Білім нысанында ұстаздардың толыққанды жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге барлық мүмкіндіктері бар. Балалардың  қауіпсіздігі мақсатында арнайы видеокамералар  мен Face ID орнатылған.

Биылғы оқу жылында барлық оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылатын болады. Жаңа оқу жылында аудан бойынша 7 жекеменшік мектеп ашылу жоспарланса, оның 6 мектебі 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер