Алғаш рет инклюзивті білім беру іске қосылды

image.png

Бүгінгі таңда Түркістан облысында 52 колледж білім беруде, оның ішінде 28 мемлекеттік, 24 жекеменшік колледждер.  28 мемлекетік колледждің   1 жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, 2 колледж қоғамдық даму басқармасына қарасты.     

  Мамандардың айтуы бойынша 2023-2024 оқу жылына облыс бойынша 43 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш берген (мемлекеттік - 29, жекеменшік - 14).

2023-2024 оқу жылына 43 колледжде 70 мамандық бойынша  15 300 мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

Соның ішінде, қызмет көрсету - 19,3% гуманитарлық – 13,9%  техникалық мамандықтар  - 67% (2022ж – 64%) көрсетті. Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты түрде даярлауға 350 орын бөлінді дейді сала мамандары.  

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы №ҚР ДСМ-85 бұйрығына сәйкес «Мейіргер ісі» бакалавры мамандығына республикалық бюджеттен 50 нысаналы мемлекеттік тапсырыс қосымша қаралып, 15350 мемлекеттік тапсырыс қалыптасты.

Осы 15350 мемлекеттік тапсырыстың, «Smartnation» ақпараттық жүйесінің қорытындысымен 15344 орын мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Соның ішінен, 406 орын нысаналы мемлекеттік тапсырыс артығымен орындалды. 

 Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №3-05-02/1000-И хатына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бері ұйымдарында іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім бағдарламаларын енгізу туралы эксперименталдық жоба іске асуда. Аталған эксперименттік жоба аясында Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан «№12 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының базасында «Дәнекерлеу ісі» мен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтарына 10-11 сынып 30 оқушылары қабылданды. 

Эксперименталдық жоба кезінде білім алушылар мектепте және колледжде оқып бір мамандық иегері атанады. 

Сондай-ақ, эксперименталдық жобаны іске асыру облыстық бюджет есебінен қаржыландыру көзделген. 

 «Жас маман» жобасын іске асыратын облыстағы 9 колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. 

2023 жылы 2 білім беру ұйымының басшылары ротацияланды. Барлық білім беру ұйымдарына  педагогтер жұмысқа қабылдауы jumys.snation.kz жүйесі арқылы жүргізілуде. Осы қызметі арқылы 52 қызметкер жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5 өндірістерден тартылған.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін  жағдай жасалуда.

 Төлеби ауданында орналасқан «№8 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны базасында «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігімен арнайы инклюзивті топ ашылуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер