Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, білім және денсаулық салаларының өзекті мәселелері туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова мен аудандық емхананың бас дәрігері Бақыт Стамқұлов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова мәлімдеуінше білім бөліміне қарасты 41 мектептің 10-на күрделі жөндеу жұмыстары қажет. 2023 жылы 5 мектептің (М.Мұса, Ж.Тәшенов, Амангелді, Қаражон, Тұран) жобалық сметалық құжаттары дайындалған. М.Мұса, Ж.Тәшенов, Амангелді мектептерін күрделі жөндеуден өткізуге облыстық білім басқармасына қаржы бөлу бойынша сұраныс берілген. Бұдан бөлек, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектептерді баяндап өтті. Олар Ұлықбек, Қ,Яссауи, Ә.Молдағұлова, А.Югнаки, Бабайқорған, М.Мұса, Ж.Тәшенов, Амангелді, Қаражон, Тұран мектептері.
Сонымен қатар, 10 мектептің қоршауы жыл соңына дейін ауыстыруды қажет ететін А.Байтұрсынов, Бабайқорған, М.Балақаев, А.Үсенов, Қазыбек би, Қарашық, М.Әуезов, Әл-Фараби, Қ.Яссауи, Ұлықбек мектептері екенін жеткізді. Білім беру ұйымдарының жарықтандыру мәселесіне тоқталған Ақмарал Үсенқызы 7 мектептің модульдік әжетханасының сыртқы және ішкі қабырғалары темір қапталмен қапталып, арасына жылу сақтайтын материал салынбағандықтан қыз мезгілінде жылу жүйесі мен су құбырына мұз қататынын атап өтті. Бұдан бөлек, мектептердің қысқы маусымына дайындық жұмыстарын айта келе, ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылғанын мәлім етті.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.