Жаңа мектепте бәрі бар

image.png

Білім күнінде Түркістан облысы, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін мектеп алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді. 

– Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен биыл жыл соңына дейін 37 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Облыста балаларды қорғау және әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданған. Әсіресе балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 6 бағытта жұмыс жүргізіліп, мәселелер шешіліп отыр. Сондай-ақ, бастауыш сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді. Осындай жетістіктеріміз көбейе берсін. Жаңа оқу жылы тағы да құтты болсын! Оқушылардың қадамы сәтті, ұстаздар еңбегі жемісті болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Сауран ауданыны бойынша 48 орта білім беру ұйымдары болса, оның 41-і мемлекеттік, 7-уі жекеменшік. Онда 23719 оқушы білім алады. Оларға 3394 ұстаз қызмет етеді. Биылғы жаңа оқу жылына 2 228 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданды. 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру мақсатында ауданда 2 700 орынды 5 мектептің құрылысы жүргізілетін болады.  

2021 жылы құрылысы басталған 300 орындық білім ұясы типтік, үш қабатты. Ғимараттың қабырғасы кірпішпен қаланған. Су және кәріз жүйесі орталықтандырылған. Қатты отынмен жылытылады. Жаңа білім ошағының оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, медпункт, спорт залы бар. Құрылыс жұмыстарын «AziaRCр» ЖШС-і компаниясы жүргізген. Айта кетейік, бүгін білім күнінде қосымша тағы үш жеке меншік мектеп пайдалануға берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер