Сауранда жеке меншік мектептер саны артып келеді

image.png

Жаңа оқу жылында Сауран ауданы Иассы ауыл округінде жақсы жаңалық орын алды. Ауыл мектептерінің қатары жекеменшік «TORONTO»  мектебімен толықты. Еңбекші диқан ауылында ашылған мектептің жобасына жеке кәсіпкер Д.Имамалиев  350 миллион теңге қаржы жұмсаған. Мектеп 260 орынға арналған. Білім күнінде 83 оқушы мектеп табалдырығын аттады. 16 сынып бар. 10 адам жұмыспен қамтылған. Мектеп 5 күн, 1 ауысыммен, таңертеңгі 8-ден кешкі 5-ке дейін жұмыс жасайды. Таңертең сабақ өтеді, түсте тынығу сағаты, түстен кейін қосымша сабақтар, әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Жоғары санатты ұстаздар сабақ береді. Оқулықтар жеткілікті. Мектептің ашылу салтанатына Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Қуандық Құлажанов қатысып, білім алушыларға сәттілік тіледі. Ақжолтай тілегін жеткізді.

- Ең алдымен баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аудан бойынша бүгін 1 мемлекеттік, 3 жекеменшік мектеп ашылып  отыр. Бұл баланың келешегіне бей-жай қарамайтын ата-аналар үшін зор қуаныш. Әрбір ата-ана баласының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бүгін, міне, осы білім ордасының табалдырығын 80-нен аса бала аттап отыр. Балаларымыздың болашағы зор болсын!, -деді Қуандық Салыбекұлы. 

 Еңбекші диқан ауылында тағы бір жекеменшік мектептің лентасы қиылды. Заманауи үлгіде салынған "Aqorda" мектебінің жоба құны 250 миллион теңге. 220 балаға шақталып салыпған мектепті жеке кәсіпкер Л.Оңалбаева өз қаржысына тұрғызып, жабдықтаған. Бүгін бұл мектептің табалдырығын 30 оқушы аттады. Алдағы уақытта бала санын көбейтіп, сапалы біліммен қамтимыз деп отыр құрылтайшы. 

 Жеке мектептердің саны артқан сайын оқушы орындарының тапшылығы қысқартылады. Нәтижесінде жеке меншік мектептер желісін кеңейтіледі. Жаңа озық педагогикалық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын енгізу және оқушыларды қосымша біліммен қамту сынды мәселелердің шешімі табылады. Білім беру сапасы артады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер