Болашақ - білімді жастардың қолында

image.png

Жаздай демалған балалар жаңа оқу жылын бастап кетті. 1 қыркүйек – Білім күні аудан мектептерінде өз дәрежесінде аталып өтті. Сол салтанатты шаралардың бір көрінісі Саураны аудан орталығындағы А.Байтұрсынов жалпы орта мектебінде өтті. Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, білім күнімен мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылында жақсы оқып, жаңа бағдарламаны меңгеріп, толағай табыстарға жетуге тілек білдірді. 

-Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 - қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Мереке құтты болсын! Бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндердің талабы таудай болсын,- деді Мақсат Асылбекұлы.

 Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. Білекке емес білімге сенетін заман. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім саласындағы реформалар нәтижелі жүзеге асып отыр.  Мұратты іс Сауран ауданында да жарасымды жалғасын тауып келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер