Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясын аралап, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысты. Биылғы жаз айларында жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қысқы жылу маусымына байланысты жылу қазандықтары мен оларға қажетті қатты отынның жеткізілуін қадағалады. Сондай-ақ, балалардың тамақтанатын орны мен асхана жабдықтарын көріп шықты. Аралау барысында мектептердегі білім берудің сапасын арттырып, баларды қыс мезгілінде сапалы жылумен қамту керектігін айтып өтті.
«Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің диреторы Айбар Күзенбаев - Биылғы оқу жылын 585 оқушымен бастағалы отырмыз. 1-ші сыныпқа 59 оқушы қабылданды. Бірінші ауысымда 334 оқушы, екінші ауысымда 251 оқушы білім алады. Ыстық тамақпен 272 оқушы қамтылады,-дейді.
Сонымен қатар, аудан басшысы «Балдырған» бөбекжай балабақшасында болып, жай-күйімен танысты. Онда биылғы жылы 2 жас пен 5 жас аралығындағы 65 бала тәрбиеленуде.
Сондай-ақ аудан басшысы Қызылкөл елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде болып, жай-күйімен танысты. Онда оқушылардың толықтай мектеп оқулықтарымен қамтылуы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын назарға алды. Кітапхана, спорт және оқу залы, асхана мен басқа да пән кабинеттерін аралап көрді.
Биылғы жылы мұнда 114 бала екі ауысым бойынша білім алады. 71 оқушы ыстық тамақпен қамтылады. Оның 45-і бастауыш, 26-сы 5-11 сынып аралығындағы оқушылар.