Түркістан облысының білім басқармасы және облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен үш күннен бері 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ақпараттық семинарлар өткізілуде. Бүгін аталған семинар эстетикалық пәндер бойынша жалғасып, оған барлық аудандардың пән әдіскерлері, пән бойынша құрылған ассоцация мүшелері мен көркем еңбек, музыка пәні мұғалімдері қатысты.
Облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Н.Архабаев ашып, семинардың мақсат-мүдделерімен таныстырғаннан кейін 2023 жылдың І жартыжылдық әдістемелік жұмысының талдау жасады. Сонымен қатар, Нұғман Сманұлы 2023-2024 оқу жылындағы перспективалар мен міндеттер туралы (пән мұғалімдер Ассоциацияларының жұмысын; шығармашылық топтардың жұмысын; тәлімгерлікті ұйымдастыру) да баяндап өтті. Ал, ассоцация мүшесі, Түркістан қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Б.Ниязбеков мектептердегі көркем еңбек және музыка пәндері сабақтарында STEM жобаларын енгізу туралы, Түлкібас ауданы, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу іс жөніндегі орынбасары Сәуірбай Ермек 2023-2024 жаңа оқу жылында көркем еңбек және музыка пәндерін оқыту ерекшеліктері туралы, ассоцация жетекшісі З.Ахметова әдістемелік нұсқаулықтағы ерекшеліктер туралы баяндады. Семинар отырысы музыка және көркем еңбек пәні секцияларымен жалғасып, жетекші мұғалімдер пән бойынша әдістемелік көмектерін ұсынды.
Эстетикалық пән мұғалімдерінің басқосуы Түркістан Оқушылар сарайында жалғасып, белгілі суретші Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесімен танысты. Терең мағына беретін суреттерді тамашалаған педагогтар суретшінің шеберлігіне таңданыстарын жасырған жоқ. Өз кезегінде Нұғман Сманұлы суретші туралы толық ақпаратпен таныстырып өтті.