Білім мен тәрбие - егіз ұғым

image.png

Түркістан қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған мектептердің саны 31-ге жетті. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Ендігі кезекте меншік иесіне қарамай барлық мектепте берілетін білім мен тәрбие бірдей болуы қажет. Себебі, олардың барлығында оқып жатқан өз  балаларымыз. Бұл туралы бүгін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған мектептердің басшыларымен өткен жиналыста айтылды.

Жиналыстың кіріспе сөзін алған Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова бүгінде Түркістан қаласы бойынша білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оның ішінде жеке мектептердің алатын орны, оларға жүктелетін міндеттерді атап өтті. Ал, бөлімнің бас маманы Г.Құлбайымбетова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы сөз қозғап, білім мекемелерінде тәрбие ісін жетілдіру бағытын түсіндірді. Сонымен қатар, бекітілген бірыңғай мектеп формасымен таныстырды. 

Жиналысқа арнайы қатысып, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытқан Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Дәулетханұлы Жанаевқа да қатысушылар ризашылығын білдірді. Бауыржан Дәулетханұлы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ата-аналармен, жайсыз отбасылармен жұмыс, мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы терең сөз қозғап, балаларымыздың білімімен қатар тәрбиесіне де аса мән беру қажеттігін қадап айтты.

 Білім беру әдістемесінде биылғы жаңа оқу жылында орын алған өзгерістер де баршылық.  Бұл туралы әдістемелік кабинет меңгерушісі Маржан Жансейтқызы Қорғанбекова жасаған баяндама барысында таныс болды. Маржан Жансейтқызы 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырып, ондағы басты ерекшеліктерді атап өтті. Ал, әдіскер Нұркен Абубакиров Ұлттық бірыңғай білім деректер қоры (НОБД), «Bilim Land» платформасы, «Bilimсlass» электронды журналының жүргізілуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жасады.

Жиналысты қорытындылаған Оразкүл Шайхықызы жаңа оқу жылының басталғанын ескере отырып, өскелең ұрпақтың білім сапасын арттыру бағытында бөліммен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер