Оқулықтар дер кезінде берілуі тиіс

image.png

Бүгін Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлының төрағалығында ZOOM платформасы арқылы , білім бөлімдерінің жаңа оқу жылына дайындығы, және аудандық/қалалық білім бөлімдерінің білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру кезінде туындаған шұғыл мәселелер туралы жиналыс өтті. 

Жиналыс барысында Департамент басшысы ұстаздардың жалақыларының уақытылы берілуін, оқулықтардың дер кезінде ұйымдастырылуын, ыстық тамақтың талапқа сай берілуін, оқушыларды тасымалдау барысында балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін және т.б даулы мәселелер жөнінде айтты. 

Келесі кезекте Департаменттің сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г. Медеубек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 Бұйрығына сәйкес, 2023-2024 оқу жылында қолданылатын үлгілік оқу жоспарының қосымшаларына түсіндірме берді. 

Өз кезегінде Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы, бөлім басшылары тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп кері байланыс жасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер