Оқушылар қазақ тілінің мерейін асқақтатты

image.png

Жетісай ауданы "Ж. Сауырбаева атындағы N16 ЖОМ" КММ-де 5 қыркүйек-Қазақстан  халқы тілдері күні мерекесіне  орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне  байланысты бекітілген.  Салтанатты жиынды мектеп директоры Гүлбахар Қапланбекқызы ашып  жиында ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, әрбір қоғамдағы тұлға тілге деген құрметін ең жоғары деңгейде көрсете білу керектігін атап өтті.  Салтанатты жиында оқушылар А. Байтұрсынұлының өлең-жырларын, тіл туралы өлең- тақпақтарын ортаға салды.  Оқушылар мен мектеп ұстаздарының белсене қатысумен жалғасын тапты.

Бұл күні  Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде де Тілдер мерекесі аталып өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан онкүндікте түзілген жоспарға сай пәндер бойынша ашық сабақтар, түрлі байқаулар, дөңгелек үстел, ғылыми жоба жұмыстары, поэзия кештері мен ақындар байқауы, эссе жазу конкурстары өткізілуде. Іс-шаралар барысында ұлт кемеңгері, қайраткер тұлға, ақын, жазушы, аудармашы, белгілі ғалым, «Қазақ әліппесінің» негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, халқы үшін атқарған ерен еңбектері дәріптеліп, насихатталуда.

Ал  "Әл-Фараби атындағы  жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде апталықтың ашылу салтанаты ҚР Мемлекеттік әнұранымызбен басталып,қазақ тілінің даму тарихына шолу ,ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 151 жыл толу құрметіне тоқталу  және оқушылардың тамаша ұлттық рухты көтеретін әсем ән-жырларымен жалғасты. Iс-шара барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, ынталандыру мақсатында сыйлықтар берiлдi. 

Мектеп директоры Г.Каримова  қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз сөйлеп, тіл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Оқушыларға, ұжымға сәттілік тілеп, апталық барысында өткізілетін  барлық іс-шараларға белсенділік танытып жауапкершілікпен қатысуға шақырды.

Орыс тілі бiрлестiгiнiң жетекшісі А.Байжиренова және ағылшын тілі бiрлестiктiгiнiң жетекшісі Ы. Жүнісов орыс және ағылшын тілдерінде құттықтау сөз сөйлеп, апталық барысында өткiзiлетiн  iс-шараларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің атынан бірлестік мүшесі, аяулы ұстаз, талай шәкірттің жүрегінен орын алған ардақты жан Салима Дәулетқызын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, алдағы уақытта  бейнетінің зейнетін көруге тілек білдіріп, сый-сияпат көрсетілді.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында өтетін онкүндіктің жоспарына сәйкес "Тілім менің -тірлігімнің айғағы" эссе жазу байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырды. Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу.

Тіл байлығы—әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мұра болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әрбір адам өзінің ана сүтінен дарыған ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,  тіліміздің орынсыз шұбарлануының қай қайсысына да болмасын қарсы тұруға тиіспіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер