Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр.
Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдардың алдында бала тұлғасын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы деңгейде тәрбиелеу міндеттерін қояды. Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру үрдісінің мазмұны жаңа әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданумен ерекшеленеді. Ал мектептке дейінгі мекемелерде балаларға тірбие мен қатар инновациялық білім беру үйлестіріп отырған ол әрине - педагогтар, тәрбиешілер. Сондықтан педагогтардың білімі мен тәжірибесі мол болуы аса маңызды.
Осы ретте Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасында «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар-мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында ашық есік күні жалғасуда. Осыған орай аталған мектепке дейінгі ұйымда ашық есік күнінде жоспарға сәйкес « Алтын күз» тақырыбында қол өнер көрмесі, педагогикалық шебер сыныптар мен «Табиғат сұлулығы» тақырыбында балабақшадағы серуенді ұйымдастыруды бақылау жүргізілді. Ашық есік күніне қаладағы жекеменшік негізіндегі балабақша педагогтері қатысып өз ара тәжірибе алмасты. Тәрбиешілер аталған балабақшаның барлық топ бөлмелерімен танысып, дамыту орталықтарын қарап шықты. Бекітілген жоспарға сәйкес «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасындағы ашық есік күні жалғасын табатын болады. Осыған орай ұйымдастырушылар аудан көлеміндегі мектепке дейінгі ұйым педагогтерін тәжірибе алмасуға шақырады!