Жетісай ауданы №26 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. Мектеп директоры Ұлжалғас Пірімбекова 2023-3024 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік пен толағай табыстар тіледі. "Әділетті Қазақстан,сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбындағы тамыз конференциясына қатысып, өткен оқу жылының жетістіктері мен кемшіліктері жайлы және жаңа оқу жылының жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар биылғы оқу жылында әрбір оқушы мен мұғалімнің жекелеген жобармен жұмыс жасау керектігін алға тартты. "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Дебат қозғалысы" жобасы, "Шахмат секциясы" жобасы, "Домбыра тарту" үйірмесі, "Балалар және театр" жобаларымен жұмыс жасау ұсынылды.
Мектеп директорының орынбасары Б.Ауелбеков сөзге шығып, мектептің ішкі тәртібі, мұғалімдер мен оқушылардың этикасы мен эстетикасы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылының міндеттерін бекіту, өндірістік жоспар бекітіліп, қосымша іс-шараларының жасалынуы жайлы айтып өтті. Мектептің аттестаттау комиссиясының құрамы жасақталып бекітілу, мектеп қызметкерлерінің санаттан өтуінің 2023-2026 жылдарға арналған жоспарын бекіту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудегі оқу жоспарлары таныстырылып, бекіту туралы сөз қозғады. Онлайн мектеп (Bilimclas) платформасын жүйелі түрде пайдалану жолға қойылу, әр педагогтың оқу жүктемелерінің бекіту туралы да айтылды. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша шешім шығарылып, бір ауыздан қабылданды.