Оқушы жетістігі – мұғалім еңбегінің нәтижесі

image.png

Бүгінгі күнде заман ағымымен өсіп келе жатқан жастар арасында көркем шығармалар мен әдеби туындыларды оқуға құлшыныс танытатын оқушылар саны азайып бара жатқаны белгілі. Бірақ әлі де болса қазақ топырағынан жаралған ұлы  жазушылардың  шығармаларымен танысып , оларды салыстыра біліп, одан жақсы әсер алып,өз өмірінде пайдаланып жүрген жастарды көргенде  қуанасың. Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету оның болашағына ерекше әсер береді. Баланың өз біліміне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміздің өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымымен астасып жатады. Сондай-ақ  дистанциялық оқуды ұйымдастыру және әр түрлі интеллектуалдық ойынға, семинарға, сайысқа, шараға қатыстыру, ойын ұтымды жеткізуге тәрбиелейді. 

 Жетісай ауданы  М. Шоқай атындағы № 26 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы  Алайдар Тоғжанның зерек оқушы екені зерделей сөйлеген сөзінен, әр пәнге қызығушылығынан сезіледі.  Ол бос уақытында  кітап оқып,  сурет салғанды, би билеп, спортпен айналысқанды ұнатады. «Бала ғылым жолын қусын десең, бесігінде - ақ  ғылым шоғын көсе »- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, оқушы  ауданымызда өтілген сайыстарға белсене  қатысып ,ол өзінің жан-жақты екенін  танытып жүр . Атап айтсақ , қазақ әдебиеті пәнінен ғылыми жобаға қатысып ауданнан ІІ орын, шет тілі   пәнінен ғылыми жобаға қатысып  ауданнан ІІІ орын , аудандық «Ұлылар әлемі» Абай  мен Шәкәрім  эссе жазу байқауында  ІІ орын иеленді. 

  Ол өзінің ғылыми зерттеу жұмысында  Әйтеке би «Қасқакөл дауы» шешендік сөзінің ұрпақтар сабақтастығы тақырыбын зерттеу арқылы  Әйтеке бидің шешендік сөздерін түсіне отырып ,шешеннің  шығармаларындағы сабақтастықты тарихпен , қазіргі билермен байланыстыра отырып ,өлеңдерді талдау арқылы жастардың санасына ұялайтындай мысалдарды келтіріп, дәлелдеген. Ғылыми жоба жұмысымен айналысу барысында , Алайдар Тоғжан  өзінің тіл шеберлігімен тиянақты, көркем әдеби стильді қолдана отырып, алған тақырыбын түсініп түйіндей білуі байқалады. Жұмыс нақты дәлелдермен жазылған.   Алайдар Тоғжанның таңдап алған өлең жолдары мен дәйекті сөздері, трактаттардағы кейбір терең ойлары жастарды білімділікке, қарапайымдылыққа баулитын және өмір талабына сай тәрбиелі ұрпақ өсіп-жетілуіне үлесін тигізетінін талдап берген. Тоғжанның  зерттеген ғылыми жоба жұмысы одан әрі жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

   Ғылым, ғылыми жоба – ізденіс үстіндегі адамның тірлігі. Ғылыми тұрғыда жаңалық ашу оңай емес. Жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың өзінің ғылыми еңбек жазуы жылдарды қажет етеді. Мұны оқушының көп ізденуі арқылы ғылымға бейімделуі десек болады. Осынау жаһандану, жаңа технологияға қадам басқан сәтте неғұрлым баланы ғылымға бейімдегеніміз дұрыс-ақ. Қабілеті бар оқушыны жетектеп, жол көрсетіп, технологияны игеруге икемдеуіміз керек. . Бала бойындағы талантқа көз жеткізіп, одан әрі өрбітуге, ұштауға, қатарласының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау – мұғалімге артылған жүк. Қандай да болмасын зерттеу баланың дүниетанымын кеңейтеді. Алдағы уақытта ұстаздар қауымы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек ете бермек.

Сонымен қатар мектепте бастауыш сынып оқушыларынан құралған "Балдаурен" бишілер тобы аудан көлемінде өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Мектеп оқушыларының спортта да үлесі жоқ емес. Мектеп оқушыларынан құрылған "Жылы су жастары " футбол командасы аудан арасындағы жарыстарға белсене қатысып  жүлделі орындарға ие болуда. Аудан аралық және облыс орталықтарындағы іс-шараларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген "Асыл мұра " домбырашылар  үйірмесі биіктерден көрініп жүр.  2023-2024 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ішінде егіз оқушылар бар. Шекербай Бағлан,Шекербай Бағжан, Михайл Аман,Михайл Есен атты бүлдіршіндер мектепке келген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер