Мониторинг өз жемісін беруде

image.png

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өткізген өңірдегі білім саласындағы өзекті мәселелері бойынша партиялық тыңдау  өтті. 

Жалпы жиынға облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің инспекторы В.Есілбаева арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы А.Еркінбеков пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Т.Үсіпәлиевтер қатысты. 

Аталған жиында Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы 10-24 шілде аралығындағы қамтылған 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы туралы баяндама жасады. 

Департамент тарапынан жүргізілген мониторинг бойынша біршама ұсыныстар жасалды. 

Атап айтқанда:  Білім беру ұйымдарындағы интернетті, күрделі жөндеу жұмыстарын,  қауіпсіздік яғни бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі, жылы санитарлық тораптар (әжетханалар) мен спорт залдары, асханалар, пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттерімен қамтамасыз ету. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулиды
  • Отбасы және мектеп біріккенде білім күшейеді
  • Төлебилік ұстаздар әулетінің жалпы өтілі 130 жылды құрайды
  • Балалар шешендік өнерді дәріптеді
  • PISA Халықаралық зерттеуі бойынша оқыту - семинары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер