Қазіргі білім қуған заманда әрбір ата-ана баласын жақсы, жайлы, престижді оқу орнына оқуға беруді армандайды. Ал осыған сәйкес орта мектепті таңдауға ата-ананың мүмкіншілігі бар ма? Жалпы баланы мектепке беруде ата-ана нені басшылыққа алу керек, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында мектеп басшылары қандай нақты қадамдар жасауы тиіс?
Міне осы секілді көптеген түйіткілді сұрақтардың жауабын шешу бойынша, «Білім беру саласындағы ұлттық стандарт талаптары» атты БАҚ өкілдерімен біргелікте пресс-тур өтті.
Пресс турға Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департамент басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы басқарманың бас маманы Алтаева Зубайра және Dіdarbek.kz сайтынан Азат Дидарбек, Асхат Әссандилар қатысып, жекеменшік мектеп басшыларымен осы және басқа мәселелері талқылады.
"Бүгінгі таңда білім беру саласы жаңа технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерінің енгізілуіне байланысты қарқынды өзгеруде. Мектептер арасында бәсекелестік артып келеді, Қазақстанның қазіргі білім саясаты жеке білім беру секторын кеңейтуді ұсынады.
Заманауи мектеп – бұл біртұтас білім беру және ақпараттық кеңістік қалыптасқан, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өзара әрекеттесетін, ортақ мақсаттар мен міндеттермен біріктірілген және білім беру процесінің тең құқылы қатысушылары ретінде әрекет ететін үй. Ал бізге дәл осындай мектеп бүгін керек"-деді басшы орынбасары Жанар Қасымова.
Сонымен қатар, департамент тарапынан бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білі беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары да егжей-тегжейлі түсіндірілді.