Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы орынбасары Касымова Жанар Сатыбалдықызы Тараз қаласындағы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Педагогикалық әдеп және педагогтердің кәсіби қызметтегі жауапкершілігі» панельдік секциясының спикері болып табылды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Үйлестіру және өңірлік талдау басқармасының басшысы Сейсембаева Арайлым Мырзақанқызы модераторлығымен департаменттің өкілі «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын және педагогикалық әдепті сақтау туралы» тақырыпта баяндама жасады.
«Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
Кеңеске білім бөлімдерінің өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері; кемінде екі педагог; құрметті демалысқа шыққан педагогтер кіреді.
Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады. Кеңес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады. Түркістан облысының Педагогикалық этика және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органы 2021 жылдың 15 қаңтарынан өз қызметін бастаған болатын. Департамент басшысы Алматов Галымжан Бауыржанұлы Кеңес төрағалығымен 54 педагогке тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы білім бөлімдерге ұсыныс берілген – деді спикер Жанар Сатыбалдықызы.