Елдостың «Ақылды» фермасы

image.png

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар түрлі «ақылды» дүниелер пайда болуда. Айталық "Ақылды" қала, "Ақылды" пәтер, "Ақылды" көлік  т.б. Ал «Ақылды» ферма туралы естуіңіз бар ма? . Бұл Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі.

Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.

«Бұл тақырыпты таңдауыма 2021-2022 жылдары Батыс Қазақстанда су тапшылығынан жем-шөптің аз болып, малдардың қырылуы түрткі болды. Осы жағдайларды ескере отырып, 6-7-сыныптағы Sketchup бағдарламасы арқылы 3D моделінде «Ақылды ферманың» жобасын сызып шықтым. Ферманың мақсаты – заманауи талапқа сәйкес фермердің басқа да бірнеше жұмысты қатар алып жүруіне байланысты шаруашылығын қашықтан басқаруға, малдардың жем-шөбі мен суын мөлшермен уақытында беруді қамтамасыз ету. Осы  жасаған жұмысымды жетекшіммен бірлесіп, ойласа келе ферманың сызбасын құрастырып, автоматтандыру жүйесін Arduino  микроконтроллдерінде жасап шықтық. Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», - дейді жас өнертапқыш.

Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар түрлі «ақылды» дүниелер пайда болуда. Айталық "Ақылды" қала, "Ақылды" пәтер, "Ақылды" көлік  т.б. Ал «Ақылды» ферма туралы естуіңіз бар ма? . Бұл Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі.

Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.

«Бұл тақырыпты таңдауыма 2021-2022 жылдары Батыс Қазақстанда су тапшылығынан жем-шөптің аз болып, малдардың қырылуы түрткі болды. Осы жағдайларды ескере отырып, 6-7-сыныптағы Sketchup бағдарламасы арқылы 3D моделінде «Ақылды ферманың» жобасын сызып шықтым. Ферманың мақсаты – заманауи талапқа сәйкес фермердің басқа да бірнеше жұмысты қатар алып жүруіне байланысты шаруашылығын қашықтан басқаруға, малдардың жем-шөбі мен суын мөлшермен уақытында беруді қамтамасыз ету. Осы  жасаған жұмысымды жетекшіммен бірлесіп, ойласа келе ферманың сызбасын құрастырып, автоматтандыру жүйесін Arduino  микроконтроллдерінде жасап шықтық. Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», - дейді жас өнертапқыш.

Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер