Түлкібастық оқушылар топ жарды

image.png

Түлкібас ауданында ерекше дарынымен көзге түсіп, білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген шәкірттер көп-ақ. Білім мен спортты серік еткендердің де жетістігі аз емес. Соның ішінде аудандағы  Асанбай Асқаров атындағы мектепті ерекше атап өтуге болады. 

Таяуда Өзбекстанның Хиуа қаласында өтіп жатқан гір тасын көтеруден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, еліміздің намысын қорғаған аталмыш мектептің оқушылары керемет жетістіктерге жетіп, бірнеше алтын, күміс, қола медальдарға ие болды. Атап айтқанда, 10 сынып оқушысы Үсейін Рамазан - 1 орын, әлем чемпионы, Аманкелді Мөлдір -3 орын,  9 сынып оқушысы Алпамысов Бауыржан- 2 орын алса, мектептің бітіріп кеткен түлектер Мұхаметжан Жанадыл мен Нұртас Сағынғали 1 орын алып, әлем чемпиондары атанды!  Бұл оқушыларды, жастарды спортқа, оның ішінде гір тасын көтеру спортына баулып, тәртбиелеп , үлкен жетістіктерге жетелеп жүрген тәжірибелі бапкер Рүстем Алпамысовтың да жеңісі деп білеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулиды
  • Отбасы және мектеп біріккенде білім күшейеді
  • Төлебилік ұстаздар әулетінің жалпы өтілі 130 жылды құрайды
  • Балалар шешендік өнерді дәріптеді
  • PISA Халықаралық зерттеуі бойынша оқыту - семинары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер