Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп- лицейінде "Мәңгілік ел- мәртебесі тіл!" атты онкүндік жоспары бойынша, "Қисса сүл-әнбия" кітабын тәрбие үдерісіне ендіруде перспективалар, күтілетін нәтиже тақырыбындағы іс-шара өтті. Тағылымы мол шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Бахытжанова ұйымдастырып, орта буын оқушыларға құнды ақпараттар таратты. Іс-шараның негізгі мақсаты: қай халықта болмасын рухани мұрасының алтын діңгегі - ауыз әдебиеті екенін білу. Сондай-ақ ауыз әдебиетіндегі діни қиссаларды, діни дастандарды, батырлық жырларын, бесік жырларын жүректен жүрекке жеткізіп, халықтың рухани мәдениетінде қолдануға мүмкіндік беру.
Тақырыпқа сай жиында оқушылар діни қиссалар - пайғамбарлар мен сахабалар, әулие - әмбиелер мен періштелердің өмірі туралы, олардың дін жолындағы іс - әрекетін бейнелейтін шығармаларды экран арқылы көрсетіп, түсініктерін арттырды. Рабғузидің қиссаларынан тұңғыш рет кандидаттық дисертация қорғаған ғалым - Алма Қыраубаеваның еңбектерінен де тың деректер айтылды.Қисса үйрететін мектеп ашып, Сара Алпысқызынан қолдау тапқан. Бұл қолжазбалардың көбі Британияда сақталған. Рабғузи қаламынан шыққан 72 пайғамбар өмірінің тарихы жайында айтылған. Ал, Құранда 24 мың пайғамбар, 33 сақаба бар. Бұл еңбектің құндылығы 1974 жылы дәлелденіп, қазақ ғылымына айналымға енгізілгені туралы ақпараттар берілді. Шара соңында оқушылар түрлі сауалдар қойып, ойларын ортаға салды.