Ұстаздар да шәкірттер де диктант жазды

image.png

Қазақстан халқы тілдері күніне орай елімізде жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Диктант – жыл сайын Қазақстанның тілдері күні шеңберінде, ел өміріндегі ерекше оқиғалардың ең маңыздысын арқау ете отырып, жазылады. Өз ана тілімізде еркін сөйлеу былай тұрсын, жазбаша қазақ тілінде сынақ тапсырудың орны бір бөлек. Бір жағынан білім деңгейіңді көтерсең, екінші жағынан сауаттылығыңды арттыруға септігі мол. Ал, ашық диктант осындай қабілеттерді жақсартуға ықпал етеді.Іс-шараның мақсаты этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту.

Диктант жазу шарасына түлкібастықтар  да қатысты. Аудандағы  Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен шараға білім ордасының ұжымы қатысты.  Диктантты 10,11-сынып оқушылары мен мектеп педагогтары жазды. Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді дейді ұйымдастырушылар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен ашық диктанттың міндеті де осы. Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту.

Айта кетейік, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, оның қоғамдық маңызын арттыруды көздеген жалпықазақстандық ашық диктант бір уақытта аймақтың барлық аудандарында өткізілді. Алдағы уақытта акция жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер