Түлкібас ауданы Дауан атындағы жалпы орта мектебінің мектепалды даярлықтың "ә" тобының тәрбиеленушілері "Түстер әлеміне саяхат" тақырыбы бойынша, балабақшада өткендерін пысықтады. Тәрбиеші Ақсәуле Дүйсебекова балаларға арналған тапсырмаларында бейнелерді цифрлар арқылы боятты. Мұндағы мақсат, бүлдіршіндерді сандар бойынша бояту арқылы цифрларды ажыратуға үйрету және ұсақ моторикасын жаттықтыру болып табылады.
"Бұл ойынның негізгі мақсаты құрама түстер суық және жылы түстерді балаларға көрсетіп түсіндіру. Балаларға түстердің мінездерін сезіндіру. Түстермен өз көңіл-күйлерін салыстырып, оны салдырту. Түстердің бір-бірімен тығыз байланысын жеткізу,түстер әлемімен адамның ішкі сезімдерінің тығыз байланысын көрсету.Түстерді ажырата отырып біз екіншіден балалардың ұсақ қол моторикасын дамытамыз. Баланың ұсақ қол моторикасының дамуы оның тікелей жалпы дамуына тікелей байланысты болып келеді. «Балалардың қабілеттері мен дарындылығы олардың саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нәзік жылғалар бастау алады» деген екен ұлы ұстаз Василий Александрович Сухомлинский. Ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі — мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі. Баланың бұдан бұлайғы өмірінде киіну, сурет салу және жазу, сондай ақ көптеген тұрмыстық және оқу іс – әрекеттерін орындау үшін қолдардың білезіктерінің және саусақтарының дәл, үйлесімді қозғалысын пайдалануы қажет екені белгілі. Сондықтан балабақша кезеңінде ұсақ қол қимылдарын дамытуға баса назар аударуы керек. Бас миының сәйкес зоналарының пісіп жетілуі, сондай ақ білезіктердің ұсақ бұлшық еттерінің дамуы негізінен 6-7 жасқа қарай аяқталады. Сондықтан психологтар ұсақ қол қимылдарын дамытуды ең кішкентай жастан бастауға кеңес береді",- дейді тәрбиеші.
Балалар тәрбиешінің түсіндірмесінен кейін лезде тапсырмаларды орындауға кірісіп, керемет нәтижелер көрсетті .
Мектепке дейінгі ересек жастағы баллар үшін ұсақ қол қимылдарын және қолдар қимыл қозғалысының үйлесімділігін дамыту жөніндегі жұмыс мектепке деген дайындықтың бір бөлігі. Санамақтар, тақпақтар, әзіл әңгімелерді айта отырып, саусақтарды жаттықтыратын жаттығулардың балаға пайдасы көп. Осы мақсатта аталған мекемеде балалармен көптеген жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырады.