Ұстазға құрмет - шәкіртке міндет

image.png

Әр адам есі кіре бастағаннан дүниені танып-білуге, үйренуге талпы-нады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарын-да ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол - ұстаз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында Әділетті Қазақстанды құруда мұғалімдердің рөлі айрықша екенін, соңғы жылдары ұстаз мәртебесін арттыру мақсатында көп жұмыстар атқарылғанын және бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажеттігін атап өтті. Баршаңызға белгілі, Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, бүгінде нәтижесін беруде. Президент тапсырмасымен жоспарлы түрде кезең-кезеңімен педагогтарымыздың жалақысы көтерілуде.Ең бастысы ұстаздардың қоғам алдында мәртебесі айқындалып, оқушылардың мұғалімдерге деген құрметі арта түсті. Ұстазды сыйлау, құрмет тұту мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен басталады. Сондықтан сөмкесін арқалып мектепке енді ғана келген 1 сынып оқушыларына ұстазды таныту аса маңызды.

Осы орайда  Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Таусағыз ауылында орналасқан Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күні 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Шолпан Изабаева   "Менің алғашқы ұстазым" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Бүлдіршіндерге адалдық, тазалық, сенімділік, білім, оқу- тәрбие туралы түсінік берілді. Сондай-ақ оқушылар мұғаліммен етене танысып, ұстаз ұғысына тереңдей түсті. 

Салтанатты жиын қонақтары ауданымыздың әкімі Нұржан Жақсылықұлы, білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек бүлдіршіндерге жақсы тілектерін айтып, білімде озат болуларын тіледі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер