Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өз дәрежесінде өтті.
Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаев , Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Тоғызов, аудандық маслихаттың депутаты Е.Құлжанбаев , ата-аналар комитетінің төрағасы Г.Сайрамбаева және ата-аналар және мектеп ұстаздары мен 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Тарихы терең білім ошағының биылғы жылы жеткен жетістігі 37 мектеп бітіруші түлектердің 24-і жоғарғы оқу орнының грант иегері болып отыр.
Қазақ зиялысы Міржақып Дулатов қазақ халқының көзі ашық, білімді болуына баса мән берді. Жастарға берілетін білім өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқыту жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керектісін алып шығатындай болғанда ғана, балалар қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайтынын айтқан.
Мектептердің жаңа бір сатыға көтерілуіне ықпал еткен Жүсіпбек Аймауытов ұлттық тәрбиеге, білімді ұрпақты қалыптастырудағы ұстаз мен шәкірт арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударған.
Алғашқы «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев баланың кемел адам болып қалыптасуы үшін тәрбиешілерді бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуге шақырған.
Сондықтан Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі биылғы жылы біліммен қоса тәрбиеге басымдық беріп, жалпы «Мектеп-менің отбасым» атты жаңа жобаны іске асырғалы отыр.
«Білім күніне» арналған 1-11 сынып оқушыларын «Әділетті Қазақсан: Сапалы білім, Адал ұрпақ, Табысты ұлт» «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие» атты алғашқы тәрбие сабақтарымен жалғасты.