Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан –Адал азамат» тақырыбындағы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысының тапсырмасымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірленгендігін,оны өңірлерде түсіндіру семинарлары арқылы өтетіндігі бойынша жіберілген хабарламаға сәйкес Келес ауданы №5 жалпы орта мектебінің базасында ауданымыздың білім беру ұйымдарындағы мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен осы тақырыпта оқыту семинары болып өтті. Семинарға 63 мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары қатысты. Оқыту семинарының тренері директордың тарбие ісі женіндегі орынбасары Дінасіл Гаухар Нысанкызы.
2023-2024 жаңа оқу жылында қазіргі білім алушыларды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығы талқыланып, жаңа оқу жылына тәрбие жоспарының маңыздылығы мен міндеттері түсіндірілді.
Құндылық-біздің ойымыз бен мінез-құлқымызды басшылыққа алатын принцип. Педагогтердің өзін-өзі ұстау мәдениеті баланың тұлғалық қасиетіне қаншалықты әсер ететіні видеоролик арқылы көрсетілді.
Бала тәрбиесінде оң өзгерістер болу үшін мектеп мәдениетіне қандай құндылықтар қажет және қазіргі білім алушыларды тәрбиелеуде қандай құндылықтар маңызды екендігіне пікір алмаса отырып ,ұлттық мүдде, ар-ұят және талап құндылықтарын тәрбие жұмысына енгізе отырып жұмыс жүргізу керектігі айтылды.
Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу, оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу, еліміздің мүддесіне, қоғам адал қызмет ету, ұлттық мирас пен мұрасына ұқыптылықпен қарап, оны белсенді дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеуге тұғыр болады.