Мамандық таңдау - ортақ жауапкершілік

image.png

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп – лицейінде әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру яғни, баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру, отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата - аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету, жоғарғы сынып оқушыларының бейініне қарай болашақ  мамандықты таңдауға бағыт – бағдар беру мақсатында «Ата–ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы» атты тақырыпта кең көлемде жоғарғы сыныптың ата – аналарымен жиналысы өтті.

Жиналысқа аталған білім ордасының директоры Сапаров Жанат Әуелтайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ходжаниязова, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары С.Қалшабеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Ахатова, С.Динасилов қатысты. 

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс деп, аталған білім ордасының директоры Сапаров Жанат Әуелтайұлы жиналысты ашып, мектеп – лицейіміздің биылғы жетістіктері ҰБТ – ның қорытындысы мен мемлекеттік грант иегерлерінің артқандығын айта келе, Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап, балаларымыздың тәрбиесіне немқұрайлы қарауға яғни, бала тәрбиесі – игілікті іс берері де, сұрары да, жемісі де мол тәрбие екенін айтты.

Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ходжаниязова Жансұлу апайымыз оқушыларымыздың таңдаған бағыттарын айтып, стандартпен, баптармен нақты слайдттар арқылы ата – аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадамы яғни, мамандық таңдау әрбір оқушының мұқиятылығын қажет етеді – деп, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Қалшабеков Сембай ағайымыз ата – аналарға қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтарды айтып, балаларға дұрыс бағыт – бағдар беруге шақырды.

Ұлы Абай атамыздың «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген сөзімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахатова Гүлнұр әріптесіміз «Ата–ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы» атты тақырыпта баяндама оқып, жалпы мектепішілік тәртіпті сақтауға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер