Түркістан NIS-тің жас зияткерлеріне арналған «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны 7 сыныптар үшін зияткерлік білім ордасына және жаңа ортаға бейімделуде сәтті бастама болды. Бүгінде 7 L сыныбының оқушылары аталған ойынды ойнап, оқу процесі мен сыныптастарымен жақындасып, жаңа ортаға бейімделе түсті.
Ойын мақсаты - әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі бақылау қабілетін дамыту, өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау, ұжымды біріктіру және эмоционалды ахуалды тудыру. Жалпы бұл тренинг ұстаздардың оқушыларға оқу процесінде қолданылатын арнайы ойын болып табылады.
Ойын барысы орындықтардан жасалған шеңбер ішінде бір тығыз топқа жиналудан басталып, берілген түрлі-түсті шыны тәріздес қағаз бөлшектерге өз арман мақсаттарын жазуда сынып калейдоскобын құрастырумен жалғасты.
Калейдоскоптың түрлі өрнектерін біріктіруде оқушылар өзара ортақ көп нарселері бар екенін, берілген тапсырманы орындауда жеке, жұптық, командалық жұмыстың маңызды екенін түсінді.
- Бұл ойынға қатысуда мен көпшілік ортада қысылмай өз ойымды ашық білдіруді үйрендім. Сонымен қатар, сыныптастарымды жақыннан танып білуде өзара ортақ қызығушылықтарымыз бар екенін біліп, қатты қуандым. Ойын барысында тек көңіл көтеріп қана қоймай топ-топқа бөлініп, бір-бірімізді қолдап, тыңдауды үйрендік,- дейді оқушылар.
Оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуде оң әсерін берген «Калейдоскоп» үлкен психологиялық ойыны жаңа ортаға бейімдеумен қатар жас зияткерлерді достыққа жетеледі.