Еліміздің әр аймағынан келген педагогтар оқушылар сарайымен танысты

image.png

Түркістан қаласында еліміздегі ең мықты білім саласы қызметкерлерінің басын қосқан республикалық тамыз кеңесі өтті. Облыс орталығында өткен бұл конференцияның мақсаты – 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін талқылау, оны тиімді жүзеге асыру жолдарын айқындау және озық тәжірибелермен бөлісу болып саналады.

Осы ретте, ауқымды әрі маңызы зор жиын қатысушылары сарайымызға экскурсия жасап, балалардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында атқарып жатқан жұмыстарымызға қанық болды. 

Сарайымызға табан тіреген 160-қа жуық педагог заман талабына сай салынған мекеменің мүмкіндіктерін тамашалап, білімгерлеріміздің шығармашылығы және жетістіктерімен танысты. Өз кезегінде, білікті әріптестеріміз жұмысымызға оң бағаларын беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, Оңтүстік өлкедегі балалардың шығармашылығын шыңдауға жаңа леп әкелу мақсатында салынған бірегей білім ордасындағы ұйымшыл ұстаздар ұжымы өскелең ұрпақтың қарымы мен қабілетін дамыту, инновациялық технологияларды қолдануға баулу және бәсекеге қабілетті тұлға даярлау мақсатында жұмыла жұмыс жүргізуде.

Ғимараттың жалпы көлемі 12  мың шаршы метрді құрайды. Яғни белсенді жұмыс істейтін ашық педагогикалық жүйенің құрамындағы алпысқа жуық үйірмеге қатысатын бір мыңнан астам шәкірттің қосымша білім алуына барлық жағдай жасалып, жан-жақты мүмкіндіктер толық қарастырылған. Осы үйірмелерді жіктесек: Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды).

Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау. Бұл жаңа үлгідегі заманауи оқушылар сарайының басқа қосымша білім беру орталықтарынан бір ерекшелігі негізінен балалардың қызығушылығын уақыт үдерісіне сай техникалық бағыттарға бұруға басымдық беруімен дараланады. Сондықтан ел аумағындағы кәсіби білікті мамандарды арнайы шақырып, олардың тағылымды тәжірибесін жастарға үлгі өнеге ретінде көрсету қолға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер