«Тілім — тұмарым» жас ақындар айтысы өтті

image.png

Бәйдібек ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен  "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында қосымша білім беру ұйымдарының арасында аудандық "Тілім —тұмарым" атты жас ақындардың "Айтыс  байқауы" өтті. 

Байқау мақсаты: Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына оның дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Ұлттық құндылықтар – еліміздің орасан зор интеллектуалдық байлығы және жалпы адамзаттық құндылықтардың, халықтардың мәдени-адамгершілік дәстүрлерінің, ұлттық жасампаздық процесінің сарқылмас қоры.

Ұлттық құндылықтар патриоттық сезімдерден, өз халқына, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген мақтаныш сезімінен, өз ұлтының өкілдеріне жанашырлық сезімдерінен көрінеді және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ең маңызды қозғаушы күш болып табылады.

Ұлттық құндылықтар – бұл халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен өнері, олардың тарихи ерекшелігін көрсететін рухани мұраттардың жиынтығы.

Дәстүрлі моральдық құндылықтар – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасатын, алдыңғы ұрпақтан мұра болып қалған, мәңгілік сипатқа ие тұрақты құндылықтар. Олар үлкен білім беру әлеуетіне ие және құндылықтарды тікелей және жанама түрде насихаттауға үлес қосады.

Ұлттық мерекелер, халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты – балалардың адамгершілік тәжірибесін меңгеруі, халықтың рухани мұрасын мұра етіп қалдыру, тұлғааралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жету.

С.Ерубаев атындағы мектеп базасында ұйымдастырылған   бұл байқауда жас ақындар сүбелі сөзбен ой айтып, тілге деген құрметтерін білдіріп, халық арасындағы өзекті мәселелерді тиек етті. Нәтижесінде жүйріктен жүйрік озып, нағыз мықтылар жеңіс тұғырынан көріне білді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер